Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ақтөбе жастарын жұмысқа орналасу мен баспана мәселесі ерекше толғандырады

AstanaTV
04.04.2017ж. 20:00
2454
Ақтөбе жастарын жұмысқа орналасу мен баспана мәселесі ерекше толғандырады

Жастардың талап-тілектері ескерусіз қалмайды! Бүгін Ақтөбеде «Жастар - Отанға» партиялық жобасы аясында  қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Өңірдегі жалғыз кеңес орталығы бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Бұл жолы жастар өздерін толғандырған мәселелер бойынша қалалық мәслихат депутаты Әнуар Тасимовпен жолығуға мүмкіндік алды. Кездесуге келген жастардың дені өздерін жұмысқа орналасу жайы толғандыратынын жеткізді. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспана алу жолдарын сұрағандар да аз емес. Айта кетелік, жыл басынан бері орталықта ұйымдастырылған қоғамдық қабылдауларға 150-ге жуық жас сұрақтарымен келген.

Әсем Әлібекова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенті:

Мен облыстық «Жас Отан» жастар қанатының мүшесімін. Мені оқуымды бітірген соң қайда жұмысқа орналаса аламын деген сұрақ мазалайды. Сондықтан менің  біздің облыстың инфрақұрылымы қалай, туристік агенттік ашуға мүмкіндік бола ма екен деген сұрақтарым бар.

Әнуар Тасимов, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Жастар көбіне жұмыспен қамту, тұрғын үймен келіп, ақыл сұрайды. Оларға жақсы жолдарын, жұмысқа орналасу, бизнес дамыту жолдарын айтамыз. «Атамекенге», еңбек биржасына жібереміз. Жақсы бағытын, баратын жолдарын көрсетеміз оларға.