$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Түркістан облысының дәрігерлері АЭС салуды қолдайды

AstanaTV
09.09.2024ж. 19:50
333
Түркістан облысының дәрігерлері АЭС салуды қолдайды

АЭС ұзақ мерзімді, тұрақты, қауіпсіз электрмен қамтамасыз етеді, бұл әсіресе ауруханалардың, емханалар мен жабдықтардың жүйелі жұмыс істеуі үшін аса маңызды. Осы тақырыпты Халықтық штаб мүшелері денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен бірге талқылады.

Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев атап өткендей, атом энергетикасының дамуы ядролық энергияға негізделген медициналық технологиялардың ілгерілеуімен қатар жүреді, бұл емдеу әдістерін жетілдіре түседі.

Көмір және газ электр станцияларымен салыстырғанда АЭС зиянды шығарындыларының көлемі – шамалы. Сонымен қатар, жалпы ұлт саулығы үшін маңызды экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді. Шығарындылар аз болса тыныс алуға және ауаның ластануына байланысты аурулар да азаяды деген сөз.

Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов атап өткендей, дәрігерлер – жоғары білімді, қоғамда беделі биік адамдар ретінде АЭС айналасындағы барлық үрейді сейілте алады. Мәселен, адамның бүкіл өміріндегі радиоактивті сәуленің небәрі 0,1%-ы ғана атом энергетикасына тиесілі.

«Жұртшылық өздеріндегі ең құнды дүниені, яғни денсаулығын Сіздерге сеніп тапсырады. Сіздер қарапайым тілмен жұрттың жүрегіне жеткізе айтып, атом энергиясы төңірегіндегі түрлі мифтерді, күдік пен үрейді кәсіби түрде сейілте аласыздар. Кәдімгі рентген аппаратында тексерілу немесе флюорографиядан өту әлдеқайда зиянды екені белгілі. АЭС салу адамдардың денсаулығына зиянын тигізбейтінін осындай қарапайым мысалдармен жеткізуге болады. Сондықтан да біз экономикасы қуатты, заманауи медицинасы бар, дамыған елде тұруды қаласақ, онда 6 қазанда референдумға келіп, нық сеніммен АЭС салуға ИӘ деуіміз қажет», – деді ол.