Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі 2024 жылдың 10 қыркүйегінде қала тұрғындарына жылу қашан қосылатыны туралы жауап берді. Мамандардың айтуынша, барлығы ауа райына байланысты болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәлімдемесінде былай делінген:
"Жылу маусымына дайындық және оны өткізу ережесіне сәйкес, Алматы қаласындағы нысандарды кезең-кезеңімен қосу уәкілетті органның қаулысы негізінде қалада бес күн ішінде +8°С және одан төмен сыртқы ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасына жеткенде басталады".