Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы үш алтын жүлде түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аударыспақшы Сырым Ізбасаров пен балуан қызымыз Зарина Сарипова Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алтын медаль жеңіп алды. 100 кг салмақта сынға түскен Сырым Ізбасаров финалда моңғолиялық спортшы Ерболат Жеңісбекті жеңсе, қазақ күресінен 65 келі салмақта сынға түскен Зарина Сарипова да қарсылас шақ келтірмей, алтын жүлдеге ие болды. Бұл – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан қоржынына түскен 16-алтын медаль.
Айта кетейік, 13 қыркүйекке дейін жалғасатын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен 2430 спортшы қатысып жатыр. Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 261 спортшы қорғайды. Көшпенділер ойындарында 21 спорт түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.