$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Қазақстанға бір емес, бірнеше Атом электр станциясы керек», - сарапшы

10.09.2024ж. 20:00
393
«Қазақстанға бір емес, бірнеше Атом электр станциясы керек», - сарапшы

Алматыда «Қазақстанда атом энергетикасының дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Маңызды мәселелер талқыланған жиынға бейіндік мамандарды даярлауға жауапты ғалымдар мен оқытушылар, Энергетика саласының сарапшылары, бизнес және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ студенттер қатысты. Басқосуда атом энергетикасы үшін кадрлардың даярлануы маңызды екені атап өтілді. Оған қоса, «АЭС-тің экология мен адамдар үшін қауіпсіздігі басты назарда ұсталуы тиіс» - дейді сарапшылар. Атом энергетикасын дамытуға арналған оңтайлы жолдар мен стратегиялар құру қазір өзекті. 

ҚАЖЫБЕК ТЕРГЕМЕС, ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

Өндіріс дамып жатыр. Тем более мынау Батыс Қазақстанда мысалы мұнай, газ өнер кәсіптері өте үлкен. Ол жаққа энергия өте көп қажет. Сол себепті біз бәрібір қазір 1 жыл, 2 жыл, может 5 жылда, 10 жылда бірдеңе қып шығармыз, бірақ түбінде бәрібір Атом станциясын салдыруға тура келеді. Менің ойымша даже бір емес, бірнеше атом станциясын салу керек шығар.

СЕРІК ТҮЙТЕБАЕВ, САРАПШЫ:

Электр энергия қуаты бізге керек. Специалистер айтады жетіспейді деп. Қазақстанның өндірісі бәрі өсіп жатыр бізге электр энергия болашаққа керек. Енді қазір ядерный энергияның пайдасын жақсы жағынан көруге біздің жағдайымыз бар. Қорқыныш жоқ қой? Қорқыныш жоқ. Эксперттер айтады 3 деген , 4 деген ядерный установкалар бар, өте былай жақсы жұмыс істейді. Ешқандай апатқа бармайды деп.