Маңғыстауда балалардың тамақтан ұшынуына жол бергендер жазаланады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі айтты. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова балалардың жағдайы қалыпты, - дейді. Қазір 387 бала амбулаторлық ем алып жатыр. Жалпы 462 бала медициналық көмекке жүгінген. Оның ішінде 92 бала ауруханаға жатқызылды. Кеше жансақтау бөліміне түскен 2 оқушы жағдайы жақсарып, бөлімшеге шығарылды.
АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
6 қыркүйек күні Маңғыстау облысы аудандарының бірінде мектеп жасындағы балалардың жаппай улануы тіркелді. 17 бала ауруханадан шықты. Оқиға орнында денсаулық сақтау вице-министрі жұмыс істеуде. Алматы мен Астанадан арнауыл мамандар тобы Маңғыстау облысына жіберілді.