Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған ел жастарымен кездесті. Жиын «AMANAT» партиясының «BIR TOLQYNDA» диалог алаңында өткен. Іс-шараға «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек пен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының жастар форумы Басқармасының төрағасы Таха Айхан да қатысқан. Дәулет Кәрібек өз кезегінде елімізде өтіп жатқан ауқымды шараға қатысуға арнайы ат басын бұрып келген түркиялық меймандарға алғысын айтты. Бұл ойындар түркі халықтарының тарихи байланыстарын нығайтып қана қоймай, бауырлас елдер арасындағы мәдени және рухани қарым-қатынасты одан әрі дамытуға серпін беретінін жеткізді.