$478.93 €534.96 ₽5.16
×

"Қазақстанның асық ату спортынан басты қарсыласы -Тәжікстан мен Қырғызстан", - бас төреші

"Қазақстанның асық ату спортынан басты қарсыласы -Тәжікстан мен Қырғызстан", - бас төреші

Асық атудан қазақстандық шеберлер қарсыластарын бірінен соң бірін жеңіп келеді. Бес асық ойыны бойынша да отандастарымыз өзгелерге есе жіберер емес. Алау спорт кешенінде өтіп жатқан сайыс туралы әріптесім Динара Жақсыбайқызы айтады. 

ДИНАРА ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Асық ату сайысына 18 жастан асқан спортшылар қатысады. Ерлер қауымы арнайы жабынмен жабылған тегіс алаңда асық атса, әйелдер бірнеше кезеңнен тұратын бес асық ойынын ойнап жатыр.

ДИНАРА ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Бұл жерде Қазақстан мен Грузия елінің асық шеберлері бақ сынасуда. Әзірге қазақстандық спортшы алда келеді.

ДИНАРА ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Тіршілік алаң ішінде ғана емес, сондай-ақ оның сыртында да қайнап жатыр. Жанкүйерлер спортшыларға дем беріп, қолдау көрсетуде.

ДИНАРА ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Жалпы асық ату спортына 20-дан аса мемлекеттен 70 спортшы қатысып жатыр. Төрешілердің айтуынша, қазақ мергендері жақсы нәтиже көрсетуде. Айтыңызшы, біздің фаворит кім? Ал басты қарсылас ше?

ЕСКЕНДІР РАХМЕТОВ, АСЫҚ АТУ СПОРТЫНЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ:

Ассалаумағалейкум қазақ елі! Біздің асық ату спорты бойынша біздің көршілеріміз бізге қарсылас атанады. Яғни, Тәжікстан мен Қырғызстан мемлекеті. Оларда да асық ату жоғары деңгейде дамыған. Біздің Қазақстанға осы екі мемлекеттен қарсылық көрсетеді. Қалғандары еуропалық, азиялық орташа деңгейде. Бірақ ойнай алады. Фо бізде Қазақстан ғой қазір. Фаворит бізде Қазақстан ғой. Өзіміздің ел құрамамыз.

ДИНАРА ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Менің жанымда қазір ғана алаңнан жеңіспен оралған қазақстандық команданың мүшесі Керім Жаздықбай. Жеңіс құтты болсын! Қандай сезімдесіз?

КЕРІМ ЖАЗДЫҚБАЙ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

Өте жақсы сезімдемін. Қазір ғана ойын өте жақсы болды. Өз ойымыздағыдай болды. Тыңғылықты дайындықтың арқасында жеңіске жеттік. Бз Испания елінің ойыншыларымен ойнадық. 3-те 0 есебімен жеңдік. Бізде дайындық өте жақсы болды.

ДИНАРА ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Ептілікті пен қырағылықты қажет ететін ойын ертеңге дейін жалғасады. Әзірге қазақ және қырғыз спортшылары алда келеді. Екі команда ертең финалда жолығады.