$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Салықтар мен бизнес-қоғамдастықтың Салық Кодексін ашық талқылау экономиканы дамытуға оң нәтиже береді",-депутат

10.09.2024ж. 20:00
219
"Салықтар мен бизнес-қоғамдастықтың Салық Кодексін ашық талқылау экономиканы дамытуға оң нәтиже береді",-депутат

Өскеменде "АМАNАТ" партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Жиында Президент Жолдауын жүзеге асыру барысы талқыланды. Айтуларынша, сараланған салықтар мен бизнес-қоғамдастықтың салық кодексін ашық талқылауы осы салдағы экономиканы дамытуға оң нәтиже береді. Сондай-ақ әрбір кәсіпкер мемлекеттен қандай қолдау түрлері бар және оларды қалай алуға болатынын білуі керек деді. Бұл кәсіпкерліктің дамуына, өсіп-өркендеуіне әсер етпек. 

ДЕНИС РЫПАКОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүкіл қоғамдастық аздап дем алып, бизнеске қатысты конструктивті диалогты бастады. Өйткені, азаматтардан өтініштер көп болды. Көп кәсіпкерлік жабыламыз деді. Сосын кездесу өткіздік. Қазір сараланған қосымша құн салығы бойынша дұрыс шешім қабылданды, яғни бөлшек сауда салығы қалуы керек – бұл шағын және орта бизнес үшін өте маңызды. Бұл экономиканың негізі, көптеген адамдар осылай жұмыс істейді. Сондықтан дана сөздер айтылып, қолдау тапты.