$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Азаматтардың әлеуметтік қамтамасыздандыру құқығын бұзғаны үшін 3 медицина қызметкері жауапкершілікке тартылды

10.09.2024ж. 20:00
304
Азаматтардың әлеуметтік қамтамасыздандыру құқығын бұзғаны үшін  3 медицина қызметкері жауапкершілікке тартылды

Жетісу облысында қатерлі ісік дертіне шалдыққандардың құқығы тапталған. Мұны облыс прокурор-лары әшкереледі. Медициналық ұйымдардың 3-4-ші онкологиялық диспанцерлік есепте тұрған 18 тұрғын медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберілмеген. Соның кесірінен науқастар мүгедектіктігін рәсімдеу және кепілдендірілген әлеуметтік жәрдемақы алу мүмкіндігінен айырылыпты. 

ЯЛКУН ИСМАИЛ, ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ:

Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес барлық бұзушылықтар жойылған. Барлық адамдар медициналық әлеуметтік сараптамаға жіберілген. Олардың екеуі әлеуметтік төлемдерді тағайындау арқылы мүгедектік мәртебесін алды. Азаматтардың әлеуметтік қамтамасыздандыру құқығын бұзғаны үшін 3 медицина қызметкері жауапкершілікке тартылды.