$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ғалымдар жүздеген қазақтың ДНҚ-сын зерттеп, ел күтпеген тұжырым жасады

AstanaTV
10.09.2024ж. 18:58
276
Ғалымдар жүздеген қазақтың ДНҚ-сын зерттеп, ел күтпеген тұжырым жасады

Ғалымдар қазақтың жүз бен ру болып бөлінуі халықтың ДНҚ-сына қалай әсер еткенін анықтау үшін генетикалық зерттеу жүргізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Caravan сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Зерттеу жүргізген ғылыми топқа Қазақстаннан 20 адам, ал Виннипег университетінен бір канадалық зерттеуші кірді. Ғалымдар қазіргі қазақ халқының қалыптасуы мен даладағы әлеуметтік-экономикалық құрылымын тереңірек ашып көрсету үшін олардың бір-бірімен жалпы ата-тегінің гені бойынша байланысын зерттеп көрді.

"Наймандар моңғолдардан тарамаған": Ғалымдар қазақ рулардың шығу тегі мен кімнен тарағанын айтып берді

"Қазақтардың жүзге бөлінетініне таңғалдым": Елге мобилизация кезінде келген ресейлік Қазақстанның артықшылығы мен кемшілігін айтып берді

Ғалымдар үш жүзге кіретін 24 рудың 1171 адамының Y хромосомасы мен "ақсүйектерді" зерттеді: Ұлы жүздің 12 руынан 433 адам, Орта жүздің жеті руынан 475 адам, Кіші жүзден 241 адам. Ал қожа (16 ) мен төреден (6) жалпы 22 адам. Олардың дені Қазақстанда туғандар. Небәрі 61 адам шетелде дүниеге келген.

Олардың ішінде 142 адамнан басқасы шежіресі туралы нақты ақпарат айтып берген. Зерттеуге алынған адамдардың барлығы қан мен сілекей үлгілерін беріп, қай жерде туып-өскендері және қай руға жататындары туралы баяндаған. Бұл ретте ғалымдар әке жағында басқа ұлттың арғы тегі бар адамдарды зерттеуден алып тастады.

Нәтижесінде, 20 гаплотоптың біріне жататын барлығы 577 түрлі гаплотип анықталды; SNP генотипін қолдану арқылы 16 басым гаплотоп расталды. Бір сөзбен айтқанда, 20 генетикалық топ ашылды, олардың барлығының ата тегі бір. Дегенмен олардың он алтысының сипаттамасында айырмашылық бар екенін анықталды.

Статистика нәтижесінде, әр өңірде тұратын қазақтардың генетикалық жағынан айырмашылығы жоқ болып шықты. Әрі әр жүздің өкілдеріне қарағанда әртүрлі ру өкілдерінің бір-бірінен 2 есе ерекшеленетіні белгілі болды.

"Молекулярлық дисперсияны талдау жеке адамдар арасындағы генетикалық дисперсияның ~8,9%-ы жүздер арасындағы айырмашылыққа, ал ~20%-ы жүздер ішіндегі тайпалар арасындағы айырмашылықтарға байланысты екенін көрсетті", – деп түсіндіріледі "Frontiers" журналындағы мақалада.

Мұны қазақтардың туыстық некеге жол бермеу үшін жасаған әдісі ретінде қарастыруға болады. Осылайша олар соңғы жеті ата-тегі ортақ қызға үйленуге болмайды деген қағиданы сақтауымен де түсіндірген жөн.

Бір қызығы, ұрпақтардың көбі гендерде бір-біріне сәйкес келеді. Бірақ жеке гаплотоптың Шығыс Қазақстанда өмір сүрген наймандарға тән екені анықталды. Бұл Қытайдың Шыңжаң мен Ресейдің Алтай аймағындағы қазақ диаспораларында да жиі кездеседі. Алайда бұл гаплотоп Солтүстік-Шығыс Қытай қазақтарының ДНҚ-сында кездеспеді.

Сонымен бірге арғын, қаңлы, сіргелі, қыпшақ және уақтардың да генетикалық жағынан көпшіліктен ерекшеленетіні анықталды. Бұл тізімге төре мен қожалар да кірді. Ал байұлы мен албандар ортақ генетикалық топты құрайды екен. Шақшам руында оның үлесі 100% болды.

"Біз Қазақстанның оңтүстік шекарасы бойында моңғол шапқыншылығы мен ежелгі Жібек жолына сәйкес келетін аймақта С2-М217 гаплотоптарының жоғары жиілігін байқадық. Бір қызығы, біз C2-M217 гаплогруппасының үш топшасын таптық. Олар жалпы жүзге тән кластерленуді көрсетеді", – деді ғалымдар.

Ғалымдардың дерегінше, Шыңжаң қазақтарының гаплотиптік әртүрлілігі Қазақстандағы орташа көрсеткіштен айтарлықтай төмен екен. Бұл олардың бірнеше ортақ ата-бабаларының болуымен байланысты.

Сондай-ақ ғалымдар қазақтардың генетикалық әртүрлілігінің әртүрлі аспектілерін зерттеуді жалғастыру және егжей-тегжейлі мәліметтер алу қажеттігін айтты.