«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қазанда референдум өтетінін жариялағаннан кейін Республикалық және өңірлік деңгейде Халықтық штабтар құрылды. Елордалық штабқа 6 партия өкілі, 20-дан астам қоғамдық бірлестік кіреді. Дәл қазіргі таңда штабта 127 адам бар. Олар АЭС бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл саяси шешім – үлкен жауапкершілік. Ол барлығымызды бір ортаға біріктірді. Мемлекетіміздің мүддесі үшін саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, белсенділер штаб алаңына жиналды», деді отырыстың алғысөзінде.
«Егер референдум оң нәтижемен аяқталса, бірінші кезекте станция орналасатын аумақты анықтауымыз керек. Заңға сәйкес аймақты Үкімет бекітеді. Біз екі бағытты қарастырамыз. Біріншісі – Шығыс Қазақстан, Абай ауданы, Курчатов қаласының маңында. Екіншісі – Балқаш көлі, Большой ауылының маңындағы аумақ. Бұған дейін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік аудандық электр станциясының құрылысы жоспарланған болатын. Екі нұсқаны да барлық бөлімшелер мұқият тексереді», - дейді «Қазақстандық атом электр станциялары» АҚ Бас директоры Тимур Жантикин.
«Қоғамда қорқыныш, үрей және көптеген сұрақтар бар. Ол сұрақтарға қарапайым тілмен жауап беріп, үрейді сейілтуіміз керек. Міне сол үшін штабқа тек қана қоғам белсенділері емес, сондай-ақ энергетика саласының өкілдері, экологтар тартылды. Олар АЭС бойынша маңызды сауалдарды мамандармен бірге талқылап, халыққа түсіндіреді», - дейді Мұхаммед Болысбек.
Атқарушы хатшының сөзінше, кез келген азамат Халықтық штабқа келіп, көкейіндегі сұрағын қоя алады.