$484.11 €528.79 ₽5.03
×

Алыптар сайысы: Спортшылар бір қойдың етін тауыса ала ма?

AstanaTV
11.09.2024ж. 11:51
219
Алыптар сайысы: Спортшылар бір қойдың етін тауыса ала ма?

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілген Powerful nomad спорты бойынша алыптар жүлдеге таласып жатыр, деп хабарлайды KAZINFORM.

Жарыс ережесіне сәйкес, әр елден 1 спортшы қатысады. Салмағы 90 келіден жоғары болуы тиіс.

Жарыс бес кезең бойынша өтеді:

– 100 келі тасты көтеріп, оны 10 метрге жылжыту;

– 100 келілік қаппен отырып тұру;

– 10 келілік найзаны оң немесе сол қолмен 10 метр қашықтықта тұрған нысанаға лақтыру;

– 130 келілік бөренені иығына салып, отырып тұру;

– салмағы 200 келі арбаны 10 метрге сүйреу.

Жарыс басталмас бұрын спортшылардан «бір қойдың етін жалғыз өзіңіз тауыса аласыз ба?» деп сұрадық. Себебі, спортшылардың тұрпатына қарап ас мәзірі бай болу керек екенін бағамдадық.

Спортшылар адам қанша жерден алып болса да бір қойдың етін тауысуы қиын екенін жеткізді.

«Бір қойдың етін ешкім тауыса алмас. Дене алып болғанмен, өт кішкентай ғой», - деді қырғыз спортшысы Ұларбек Күресбекулы.