$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Ел қоржынында 25 алтын: Қазақстан құрамасы көш бастап тұр

AstanaTV
11.09.2024ж. 17:38
117
Ел қоржынында 25 алтын: Қазақстан құрамасы көш бастап тұр

Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жиырма бесінші алтынына қол жеткіздіп, жеке дара көш бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгін, 11 қыркүйекте бес асықтан Қазақстан қыздар құрамасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанып, ел қоржынына жиырма бесінші алтынды салды. А тобында қарсылас шақ келтірмей алғашқы орынмен ақтық сынға жолдама алған Қазақстан қыздар құрамасы финалда Ресей спортшыларымен бақ сынасты. "Алау" мұз айдыны кешенінде өткен финалдық финалдық бәсекеде қазақстандық спортшылар қарсыластарын 3:0 есебімен жеңді. Бес асықтан Қазақстан қыздар құрамасы топтық кезеңде Қырғызстан, Мажарстан, Швеция және Румыния құрамаларын жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының медаль кестесінде қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы 25 алтын, 12 күміс, 18 қола медаль еншілеп, жеке дара көш бастап келеді.