Жыл басынан бері есірткіге қатысты бес жарым мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Нәтижесінде 24 тоннадан астам есірткі тәркіленіп, 43 зертхана жойылды. Бұл мәселеге Президент Жолдауда ерекше тоқталды. «Осыған дейін қажетті заңнамалық шараларды қабылдағанымен, нақты нәтижеге қол жеткіздік деуге әлі ерте»,- деді мемлекет басшысы. Тәртіп сақшылары мәселенің салдарымен күрескеннен бөлек алдын алу шараларын да назарға алып отыр. Биыл 10 мыңнан астам профилактикалық іс-шара өткен.
БАҚЫТЖАН ӘМІРХАНОВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілген болатын былтыр 30-шы маусымда. Соған байланысты барлық құзырлы органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен бірігіп, жұмыс атқарылып жатыр. Дегенмен, бұл жерде ескеретін нәрсе – 2012-2016 жылға кезінде жоспар болған, бағдарлама осы сияқты. Сол аяғына жетпей, 2015 жылы қықсарып қалды. 8 жылда үкімет тарапынан бағдарлама болмады.