$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Электр энергиясының тапшылығы экономиканың дамуына кедергі келтіруде", - депутат

"Электр энергиясының тапшылығы экономиканың дамуына кедергі келтіруде", - депутат

Елімізде электр энергиясына деген тапшылық күн сайын артып барады. Сондықтан оны өзге мемлекеттен импорттауға мәжбүрміз.  Энергетикалық әлеуетті арттыру үшін атом станциясын салу кезек күттірмейтін мәселе. Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Махамбет Амангелді АЭС экономикамыздың қарыштап дамуына жол ашатынын айтады. Өйткені, қазір барлық саланы дамытуға қуат көзі ауадай қажет. Онсыз алға бір қадам басудың өзі мұң.

МАХАМБЕТ АМАНГЕЛДІ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

Шын мәнінде, бұл бізге әркімнің халықтың әлеуетін көтеру үшін жасалып жатқан түсіндіру үшін ақша мәселесінде 1КВт қазір неше тенге болады. Біз қазір 9 теңгемен өзіміз сатамыз. Пик уақытында көршілерімізден 25 теңгеден сатып аламыз. Сол себепті экономикамыздың дамуына кедергі болып жатыр. Мысалы, өңіріміздің аграрлық әлеуетін алып қарасақ егін суарушыларға оларға да энергия жетпей жатыр. Су бар жер бар, технология бар. Тек қана поливалкаларын қосайын десе энергия жетпейді. Сол сияқты мәселелер бізде өрши береді.

Ал қызылордалық ғалым Нұрбол Аппазовтың айтуынша, "АЭС- экологиялық таза, қауіпсіз және ең жоғарғы энергия көзі". Саланы жан-жақты зерттеген ол станцияны салу арқылы тұрақты, үздіксіз энергия аламыз дейді. Қазір 30-дан аса елде 400 АЭС жұмыс істеп тұр. Ал оларда қауіпсіздік ережелерінің қатаң сақталуын халықаралық ұйым ерекше бақылауда ұстайды. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ деген ол, біздің еліміз үшін өндіріс орнының маңызы зор дейді.

НҰРБОЛ АППАЗОВ, ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЗЕРТТЕУШІ ПРОФЕССОРЫ:

Атомдық энергия ең тиімді әдіс болып табылады. Өйткені оның қазіргі таңда жқмыс істеп тұрған ЖЭС қарағанда энергетикалық тиімділігі ондаған есе артық болады. Және қоршаған ортаға зиянды, атмосфераға заттар бөлмейді. Соңғы технологиялар бұл 3, 3+ технологиясы бойынша. Ол барлық қауіпсіздік ережелері қамтамасыз етілген.