$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Арқан тартудан құрама командалар сайысқа түсті

11.09.2024ж. 20:00
109
Арқан тартудан құрама командалар сайысқа түсті

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген командалар бүгін арқан тартудан ерлер 720, әйелдер 520 келі салмақ дәрежесінде сайысқа түсті. Ел үмітін арқалаған біздің екі команда да алтын жүлде үшін барын салуда. Тартысты дода туралы тілшіміздің репортажы. 

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Дәл қазір біздің ұлттық құрама ширек финал алдында Ресей командасымен сынға түспек. Көріп тұрсыздар біздің құраманың аты естіліп еді барлық зал тіке тұрып қолдау білдіріп жатыр. Бұл өте керемет бұл жердің атмосферасын сөзбен айтып жеткізе алмаймын.

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Өздеріңіз көріп тұрған өте тартысты ойын болып жатыр. Екі жақ команда да осал емес. Жеңісті де бермеуде. Дегенмен біз барынша қолдау білдірудеміз біздің ұлттық құрамаға.

АЛМАС ЖҮНІС, АРҚАН ТАРТУДАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА МҮШЕСІ:

Біздің Қазақстанда Профессионалды түрде енді ғана дамып келе жатқан спорт. Соған қарамастан шетелдік додаларда бірнеше дүркін чемпион болдық. Осы жылдың басында ел біріншілігін ұтып, көшпенділер ойындарына іріктелдік. Көктемнен бері дайындалдық оның алдына Ресей мемлекетіне екі рет жарысқа бардық онда алтынға қол жеткіздік. Әлі тек жарысқа жігерленіп, бар ойымыз жарыста.

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Бүгін ерлерден бөлек, қыздар құрама командасы да 520 келі салмақ дәрежесінде сынға түседі. Жанкүйерлер арасында немерелерін қолдап біздің ақ жаулықты әжелеріміз де келіп қалыпты.

Біздің міне Астанамызда керемет дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтіп жатыр. Міне осы Ойында менің немерем қатысып жатыр Сүйіндікова Айнұр Бектасқызы барша ойыншыларға тілейтінім сәттілік. Алға, Қазақстан! Жеңіс тілеймін!

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны әлі де жалғасады. Алдағы екі күнде командалар құсбегілік, бәйге, теңге ілу, жамбы ату сынды спорт түрлерінен өзара кілең мықтыларды анықтайтын болады. Еліміздің намысын қорғап жатқан ұлттық құрамаға бірге жанкүйер болайық.