Мектеп асханаларын санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тұрақты түрде тексеруі тиіс. Мұндай талапты Мәжіліс депутаттары қойып отыр. Оған негіз бар. Қазір оқушылар тағамына келгенде мәселе көп. Ата-аналар астың құнарсыздығына бір шағымданса, ондағы бассыздықтарды көріп, шошитындарын айтады. Мәселені мектеп әкімшілігіне айтсаң, «тамақ сапасына біз жауап бермейміз» деп бастарын ала қашады. Сөйтсек, оны тендер арқылы көрінген кәсіпкер ұтып алады екен. Ал, оларды тексеріп жатқан адам жоқ. Бұл процесс осылай жалғаса берсе бала денсаулығына қатер төнбей ме? Толығырақ Аружан Задабектің сюжеті.
АРУЖАН ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:
Мектептегі тағам, міне, дәл осындай. Кампоты бар, ыстық асы бар. Түрі өте дәмді көрінеді. Бірақ сапасына келгенде қандай екені белгісіз. Иә, расымен, мектеп асханасына келгенде қоғамның пікірі әртүрлі. Ата-аналардың басым көпшілігі мектепте берілетін тағамға көңілі толмай, құнарсыз деп жатады. Енді бұл мәселе қалай шешілеледі?
Оқушылардың бір күндік тағамына мемлекеттен бөлініп жатқан қаражат аз емес. Орта есеппен алғанның өзінде 1,5 млнға жуық баланың бір күндік тамағына кемінде 1 млрд теңгеден аса қаражат жұмсалады. Бастауыш сыныптың оқушыларына бір мезгіл тегін ыстық тамақ беріледі. Бірақ, дәмі жоқ асты жегісі келмейтін оқушы күнде үйіне аш қайтатын көрінеді.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Ішінде микроб бар. Уланатын нәрсе болып тұр ішінде. Қалай сапа болады онда вообще?
- Ең бірінші тазалық қой. Тазалық болған жерде бәрі болады. Соны жиі-жиі қарап, тексеріп тұру керек.
Оқушыларды тамақпен қамтамасыз етіп отырмыз деген бір мектепке біз де бардық. Мұндағы оқушылар саны - 2939. Оның – 1300-ге жуығы тегін тамақпен қамтылған.
Алмагүл ҚАЛИЯШҚЫЗЫ, АСХАНА МЕҢГЕРУШІСІ:
Бүгінгі асты көрсетесіз ба? Не әзірленіп жатыр? – Бүгін,ге бізде «азу». Картошка,ет, огурцымен. Компот. – Мысалыға бұны әзірлеу кезінде басқа технологиясы бар ма? Әлде үйдегідей ма? – Жоқ, өзінің технологиясы болады. Техналогический картамен, майлы болмау керек. Томад көп болмау керек. Каждый баланың өзі калорийность, выходы болады.
Астанада 1 қыркүйектен бастап балалар асына бөлінетін ақша көбейді. 1-4 сынып оқушыларға бір күндік тағам үшін 800 теңге берілсе, 5-9 сыныптағы балаларға 964 теңге, 10-11 сыныпта оқитын жасөспірімдерге 1090 теңге белгіленген.
АЙГҮЛ ТӨЛЕУТАЕВА, №85 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:
Мектептің әкімшілігі тексермейді. Бұл жерде тек қана оқушылардың ыстық тамақпен тамақтандыру сапасын бақылайды. Осы мақсатта мектепте бұйрық шығарылып комиссия құрылған. Осы комиссияның құрамы бекітіліп, бүгінгі күні жоспар жасалды. Осы брокиражды комиссияның құрамында жалпы 19 ата-на және мектеп әкімшілігі бар.
Мектеп асханаларын тамақпен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік сатып алу ережелерін жетілдіру керек. Мұны Мәжіліс депутаттары айтты. Қазір бұл салада монополияға жол бермес үшін мектептерге арналған тендерлерде ашықтық пен бәсекелестікті қамтамасыз ететін талаптарды күшейту керек дейді.
НАТАЛЬЯ ДЕМЕНТЬЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Мемлекеттік сатып алулар туралы ережеге мектеп асханалары үшін тамақ өнімдерін жеткізу бойынша тендерге қатысатындарға қойылатын талаптарды нақтылап, 1 компанияның неше мектепте тендер ұтып алу мүмкіндігін шектеуге байланысты өзгерістер енгізу қажет.
Қазір оқушылардың 60 пайызында ішек-асқазан және қан аздық ауруы бар. Ауру тек мектеп асханасынан келеді деуден аулақпыз. Дегенмен әлеуметтік желіде тараған соңғы ақпараттар көңілге күдік ұялатады.
АРУЖАН ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:
Бала саулығы – ұлт саулығы. Ертеңгң ұрпақтық жарқын болуы үшін балалардың пайдалі әрі дәмді ас ішуі біз үшін өте маңызды!