Енді мүдделі мемлекеттік органдар жеке деректерді қасақана берген жағдайда жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтты. Оның сөзінше, қазір заңнамада «дроперлерге» қатысты ешқандай жауапкершілік қаралмаған. Оның үстіне ақпараттық базадағы мәліметтерді желіге немесе алаяқтарға беру бойынша да жауапкершілік жоқ. Сондықтан бұл мәселені дереу шешу керек деді. Бұдан бөлек, жиында интернет-алаяқтыққа қарсы күрес және қаржы пирамидаларының алдын алу, қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары қаралды.