$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Павлодарда «Квазар» сауда үйінен өрт шығып, 150 адам эвакуацияланды

AstanaTV
12.09.2024ж. 09:45
91
Павлодарда «Квазар» сауда үйінен өрт шығып, 150 адам эвакуацияланды

Павлодардағы ірі сауда үйлерінің бірі – «Квазар» орталық базарында электр сымдарының тұйықталуынан өрт шыққан. Бұл туралы KAZINFORM тілшісі хабарлады. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылардың көмегімен сауда үйінен 150-дей адам сыртқа шығарылды.

«11 қыркүйек күні сағат 13:18-де «Квазар» сауда үйінде өрттің пайда болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел түрде өртке қарсы бөлімшелер жіберілді. Сауда үйінде орналасқан бутиктердің бірінде электр сымдарының оқшаулағышы өртенгені анықталды. Тілсіз жау жылдам сөндірілді. Жалын шамамен 0,2 шаршы метрді шарпыған. Өртке қарсы бригадалар келіп жеткенше сауда үйіндегі 150-дей адам сыртқа шығарылды. Зардап шеккендер жоқ», - деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаментінен.

Оқиға орнына өртке қарсы қызметтің 33 қызметкері мен 9 техника жұмылдырылған.