$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Медицина саласындағы жаңа міндеттер талқыланды

AstanaTV
06.04.2017ж. 20:00
2870
Медицина саласындағы жаңа міндеттер талқыланды

Емханалардағы ұзын сонар кезек пен сапасыз медициналық қызмет, балалар дәрігерлерінің жоқтығы. Қызылордадағы бірінші қалалық емханаға осындай шағымдар жиі түседі. Бүгін «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы өткізген кездесуде саладағы бірқатар мәселелер талқыланды.

Қаладағы ең көне медициналық мекемелердің бірінде қырық мыңнан астам тұрғынға үш жүздей дәрігер маман қызмет көрсетеді. 70-ке жуығы - "Нұр Отан" партиясының мүшесі. Әрқайсысының алдында нақты міндет: Елбасының биылғы Жолдауы мен Ұлт жоспарында көрсетілген тапсырмаларды халық арасында насихаттау.

Шәріп Абдрахманов, "Нұр Отан" партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Медицина саласындағы Жолдауда көрсетілген және де Ұлт жоспарында көрсетілген жеке медицинаны дамытуға бағытталған сұрақтарға байланысты өй-пікірлерін білеміз.

Рахима Сералиева, Қызылорда қалалық №1 емхананың бас дәрігері:

Педиатриялық саланың осы республика көлемінде жоқ болып кеткеніне байланысты, біздің емханада жүз пайызға жанұялық дәрігерлер қызмет атқарады. Осы бағытта да  халықтар тұрғысынан шамалы шағымдар келіп жатады. Олардын барлығын біз сол дер кезінде шешуге тырысамыз.