“Музарт” тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов жары Жамиляға көлік сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі төрт баласын дүниеге әкелген жарына Lexus маркалы машина сыйлады.
“Қолдан келгенше жақсылық жасап, ниетті дұрыстасаңыз, армандар орындалады!”,– деп жазды әнші.
Өз кезегінде эстрада жұлдызының жары да құттықтап жатқан барлық жанға рақмет айтты.
“Біріншіден, Аллаға сансыз шүкір! Екіншіден,менің армандарымды орындап жүрген жігітіме рақмет! Жарияға жар салмайын деп отыр едім. Бірақ жігітімнін еңбегін бағаламағандай болмайын деп, салып жатырмын. Бұл бір мақтаныш емес. Оның артында үлкен еңбек жатыр. Барымызды бағалайық!”, – деді Жамиля Төлегенова.