$498.34 €519.72 ₽4.85
×

2025 жылы мемлекетке 21,7 трлн. теңге түсімдер түседі

12.09.2024ж. 20:00
222
2025 жылы мемлекетке 21,7 трлн. теңге түсімдер түседі

Алдағы жылы еліміздегі инфляция 5,5-7,5% деңгейінде болады деген болжам бар. Ұлттық қордан 2 триллион теңге көлемінде кепілдендірілген трансферт тарту жоспарланған. «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы депутаттардың қарауына ұсынылды. 2025 жылы мемлекетке 21,7 триллион теңге түсімдер түседі. Трансферттерді есептемегенде кірістер 15,6 триллион теңге көлемінде жоспарланып отыр. Бұл - жалпы түсімдердің 73 проценті. Келер жылы сондай-ақ бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге шаққанда 2,7% деңгейінде болуы мүмкін. Қаржы министрлігі қаражаттың нақты қайда жұмсалатынын жіпке тізді. 

АБЗАЛ БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

2025 жылы әлеуметтік саланың шығыстары ағымдағы жылмен салыстырғанда 794 миллиард теңгеге өсіп, 9,8 триллион теңгені құрайды. Бюджеттің 38 пайызы әлеуметтік салаға тиесілі болмақ. Бұл саланың басым бағыттарына келетін болсақ, әлеуметтік қамтамасыз ету және елдің азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету. Екінші басымдық – білім беруді дамыту. Үшінші басымдық – денсаулық сақтау жүйесін дамыту.