Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Каспий әсіресе Қазақстан мен Әзірбайжанға «қымбат». Президенттің Баку сапарынан.

AstanaTV
08.04.2017ж. 20:00
1917
Каспий әсіресе Қазақстан мен Әзірбайжанға «қымбат». Президенттің Баку сапарынан.

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен Әзірбайжан Президенті И.Әлиев Бакуден 30 шақырым жердегі «Загульбе» резиденциясында кездескен. Әлиев жоғары мәртебелі қонақтарын теңіз жағасындағы түбекте қабылдайдыОлар оңаша жүздесуден соң бірлескен декларацияға қол қойған. Талқыланған барлық мәселе бойынша позициялардың қабысатынын мәлімдеген.

Енді мынадай детальдар. Былтыр күзде Армения стратегиялық және ұлттық зерттеулер орталығының директоры Манвел Саргсян Қазақстанды Еуразиялық экономикалық одақтан шығару туралы ұсынған – Таулы Қарабақ конфликтісінде өздерін қолдамайтыны үшін. Олар аталған одаққа мүше болар кезде Н.Назарбаев «Армения халықаралық қауымдастық мойындаған шекарасы шеңберінде ғана мүше бола алатынын» ескертіп, армяндар бір «бұлқынған».

Жалпы, Қазақстен мен Әзірбайжан Каспийдің құқықтық мәртебесі барынша тезірек анықталғанын қалайды. Себебі екі мемлекет үшін Каспий қарапайым айтқанда, жеп отырған нан. Алайда Ресей мен Иран үшін Каспий мұнай-газы ондай маңызды емес. Олар үшін Каспий мұнай-газ емес, геосаяси платформа. Ресей мен Иран Каспий табанынан тартылатын мұнай-газ құбырларына үзілді-кесілді қарсы. Себебі ондай жобаларды АҚШ пен Еуро Одақ жақтайды. Сонымен, теңіздің құқықтық мәртебесі анықталатын шаруа ма?

Досым Сәтпаев, саясаттанушы: 

Бұл тез болатын процесс деп үміттенудің қажеті жоқ. Ең бастысы – осы үшін конфликт болмағаны. Каспийде тұрақтылық сақталуы керек. Олай болмаған жағдайда біздің инвестициялық ахуалымызға кері әсерін тигізеді. Тіпті саяси климатқа ықпал етеді. Ал Ресейдің де, Иранның да, тіпті Түркіменстанның да мұнай-газ қоры дәп Каспийде емес. Сондықтан тұрақтылықтың сақталуы Қазақстан мен Әзірбайжан үшін маңыздырақ. Және біз сенімді әріптес мемлекеттерміз. Әзірбайжанмен арадағы сауда айналымы соншалықты керемет болмаса да. Ол 140 млн долларды құрайды. Әйтсе де перспектива зор –  мысалы, көлік-логистика бойынша ынтымақтастық. Оған «Жібек жолын» жаңғыртуды қолға алған Қытай қосылса, тіпті жақсы. Екіншіден, Баку – Тбилиси- Жейхан бағытына қайтадан мән беру. Қашаған іске қосылғалы, бұл құбырға деген қызығушылық қайта оянды. Бастысы тариф бойынша келісу.

Сарапшы Досым Сәтпаев, Әзірбайжанда билік ауысу сәтті өткеніне тоқталады. Билік транзиті шетелдік ірі инвесторлар үшін үлкен саяси тәуекел екенін ескертеді. Нұрсұлтан Назарбаев Әзірбайжанның жалпыұлттық Лидері Гейдар Әлиевтің басына, сондай-ақ, Мәңгілік алауға барып гүл шоқтарын қойған.