$478.93 €534.96 ₽5.16
×

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты көрерменсіз өтеді

AstanaTV
13.09.2024ж. 10:54
147
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты көрерменсіз өтеді

Астанада өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу рәсімі көрерменсіз өтетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Жабылу салтанатын қазақстандық телеарналардан тікелей эфирде көруге болады.

«Жабылу рәсімі тек қатысушыларға арналған және көрермендерсіз өтеді», – деп мәлімдеді ұйымдастырушылар.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында спортшылар 21 ойын түрі бойынша бақ сынап жатыр. Көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен 2500-ге жуық адам жиналған.