Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматы жұртшылығы Санкт-Петербургтегі жарылыс құрбаны болған Максим Арышевпен қоштасты

AstanaTV
07.04.2017ж. 20:00
2269
Алматы жұртшылығы Санкт-Петербургтегі жарылыс құрбаны болған Максим Арышевпен қоштасты

Санкт-Петербордағы теракт кезінде қаза тапқан Қазақстан азаматы Максим Арышев бүгін Алматыда ақтық сапарға аттанды. Қаралы жиынға қыршын кеткен жастың өміріне қайғырған алматылықтар да жиналды. Ал үш ұлдың ортаншысынан айырылған ата-ана әлі де естерін жия алар емес.

Ришат Асқарбекұлы, тілші:

Марқұмның мүрдесі бүгін таңертең Санкт-Петербург бағыты бойынша ұшып келген «Эйр Астана» компаниясының әуе рейсімен жеткізілді. Қаралы керуен әуежайдан бірден Президенттің іс басқармасы жанындағы клиникалық ауруханаға әкелінген. Қоштасу рәсімі осы жерде өтті.

Виталий Арышев, әкесі:

Мен мұндай қайғыға бірінші рет тап болдым. Ешкімнің басына мұндай жамандық тілемеймін.

Арнайы салттық қызмет көрсететін залға марқұмның жақын туыстарынан өзге, достары мен өзі оқыған «Достар» мектеп-лицейінің ұжымы жиналған. Максиммен қоштасу үшін қарапайым алматылықтар да арнайы келген. Максим Арышевтың жақындары оның жақсылыққа жаны құмар жан болғанын айтап, еске алады. Мектепте озат, спорта да біраз жетістікерге жеткен екен. Ресейде оқып, елге оралуды армандаған Максим метромен сабақтан қайтып келе жатқанда теракт құрбаны болған. 

Илья Хобод, сыныптасы:

Оны мен де батыр деп есептеймін. Себебі ол жарылысты іске қосқан адамның қасында тұрғандықтан, алғашқы соққыны өзіне алған. Ол көп адамды құтқарды және ол өмірде де өзгеге көмек қолын созуға дайын тұратын жақсы адам болатын.

Серікжан Байгөтенов, «Достар» лицейі директорының орынбасары:

Бастапқыда оның лаңкестік оқиғаны жасады деген ақпараты естігенде қатты қобалжыдық. Ол балада ондай оғаш қылық жасайтындай алғышарттар жоқ еді. Шын мәнінде тағы бір жас өмір қыршыннан қиылды. Өте өкінішті. Туыстарына сабырлық тілеймін. 

Қоштасуға жиналғандар марқұмның жүзін көре алмады. Ата-анасы осылай ұйғарса керек. Теракт кезінде табытқа салынған мүрде сол күйі жер қойынына тапсырылды.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ