Ақпарат Александр Фоминді тауып алуға септігін тигізуі тиіс, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
VITA еріктілер ұйымының мәліметінше, хабар-ошарсыз кеткен адамның туыстары ақпарат үшін сыйақы ұсынатын сәттер жиі болады.
– Мұндай жағдайларда ұшты-күйлі жоғалған адамды, тіпті, әрбір бұрыштан көретін кездер тіркелген. Бәлкім, 26 жастағы Александр Фоминді жоғалатын күннің алдында көрген адамдар бар шығар. Іздеу шараларына көмегін тигізетін қандай да бір ақпарат болса, хабарласуды сұраймыз, – дейді еріктілер.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері, еріктілер, туыстары, достары 1 қыркүйекте жоғалып кеткен жігітті іздеу шараларын күн сайын жалғастыруда. Ол соңғы рет Усолка шағын ауданында болған, кешке жұмыстан кейін дүкенге кірген.
Ер адам соңғы кездері күйзеліске түскен.
Оны көрген немесе қайда жүргені туралы қандай да бір маңызды ақпарат болса, еріктілердің келесі Whatsapp нөмірлері бойынша хабарлауға болады: +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7 (777) 334 82 01 (Светлана). Анонимділікке кепілдік беріледі.