$480.63 €535.13 ₽5.27
×

Көшпенділер ойыны: Қазақстан жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды

AstanaTV
13.09.2024ж. 17:38
173
Көшпенділер ойыны: Қазақстан жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды

Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды. Қазақстан жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

Отандастарымыз барлығы 115 медаль жеңіп алып, өзге елдерден көш ілгері болды. 

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының соңғы жарыс күні отандастарымыз ел қоржынына 12 алтын, 9 күміс, 10 қола жүлде сыйлады. Осылайша жалпы есепте Қазақстан 44 алтын, 33 күміс, 37 (114) қола жүлдемен командалық есепте топ жарды.

Ал Қырғызстан құрамасы 18 алтын, 21 күміс, 25 (64) қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте екінші орынға ие болды.

Үздік үшінші орынды Өзбекстан құрамасы қанжығасына байлады. Олардың еншісінде 11 алтын, 12 күміс, 11 (34) қола медаль бар.

Төртінші орынға 11 алтын, 10 күміс, 25 қола медаль жеңіп алған Ресей құрамасы иелік етсе, бестікті 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медальмен Түркия құрамасы түйіндеді.-деп  хабарлайды msports.kz.