$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Көктемгі егіс науқанына берілетін несие мөлшерлемесі төмендетілді

AstanaTV
07.04.2017ж. 20:00
2251
Көктемгі егіс науқанына берілетін несие мөлшерлемесі төмендетілді

Көктемгі егіс науқанына берілетін несие мөлшерлемесі төмендетілді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығы депратаментінің директоры баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Енді шаруалар тікелей «Аграрлық несие корпорациясынан» бұрынғы 5 пайыз несиенің орнына 2 пайыздық заемды ала алады. Ал егер несие екінші дейгейлі банктер мен кредиттік серіктестік, немесе микроқаржы ұйымдары арқылы берілетін болса, шаруа үшін пайыздық мөлшерлеме 6 пайыздан аспайды. Биылғы егіс науқанына және егін жинау жұмыстарына бюджеттен 60 млрд теңге бөлінген. Ауыл шаруашылығы дақылдары 22 млн га алқапқа егіледі. Оның ішінде көктемгі егіс көлемі 18,5 млн га құрайды. Жанармай бағасы да реттелгенін хабарлады министрлік өкілдері.

Ажар Қаджыбекова, ҚР АШМ өсімдік шаруашылығы департаменті директоры:

Зауыттардан бір литрге 105 теңгеге шығады. Ал ауылшаруашылық өндірушілерге операторлардың шығындары, жол шығындарын қосқанда, 121 теңге болып табылады. Ал қазіргі уақытта жанармай құю станцияларында 131 теңге.