$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Үкімет 16 мыңға жуық қазақстандықтың 36,3 млрд теңге несиесін кешірген

13.09.2024ж. 20:00
85
Үкімет 16 мыңға жуық қазақстандықтың 36,3 млрд теңге несиесін кешірген

Үкімет 16 мыңға жуық қазақстандықтың 36,3 млрд теңге несиесін кешірген. 2023 жылдың наурызынан бастап Қазақстанда 100 мыңнан астам адам өзін банкрот деп тану үшін өтініш берген. Әзірге 15 984 адамның өтініші қанағаттандырылған. Еске салайық, былтыр елімізде банкроттық туралы заң күшіне енді. Қазақстандықтарға қарыз мәселесін шешудің үш жолы ұсынылған: соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

ЕРЖАН БІРЖАНОВ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Біз кейбір түзетулерді енгізген болатынбыз. Құжаттар бойынша талапты азайттық. Сондықтан банкроттыққа өтініш бергендердің саны өсуі мүмкін. Дегенмен, бұл халықтың жаппай банкроттыққа құжат тапсыруы керек болады деген сөз емес. Оның да жағымсыз салдары бар екенін ескерген жөн.