$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жамбылдық шаруалар қант қызылшасын қайда өткізерін білмей отыр

13.09.2024ж. 20:00
262
Жамбылдық шаруалар қант қызылшасын қайда өткізерін білмей отыр

Жамбылдық шаруалар қант қызылшасын биыл жылдағыдан үш есе көп жинады. Бірақ өнімді өткізе алмай жүр. Өйткені өңірде бір ғана қант зауыты бар. Енді диқандар дақыл далада қала ма деп алаңдайды.

Өнім мол, өткізетін жер жоқ. Биыл ауа райы қолайлы болғандықтан қант қызылшасының әр гектарынан 950 центнерден өнім алынуда. Ал оны қабылдайтын зауыт тек Меркі ауданында.

ЕРБОЛАТ САУРЫҚОВ, ҚОЖАЛЫҚ ЖЕТЕКШІСІ:

Бір комбайн 100 тонна жүреді де күніне, болды, тұрады, демалады. Өйткені мына жақ қабылдап үлгере алмаймыз, сыймайды дейді. Біздің қазір ауданға 400 тонна лимит берді. Ауданда 1 500 га егілген. Оны 400 тонналап күніне зауыт қабылдаймыз дейді. Қалай ол бітетіні, ол жаңа жыл, қаңтар айына дейін кетіп қалайын деп тұр. Қардың астында қалып кетеді.

«Меркі қант зауыты» жақында ғана жұмысқа кіріскен. Оның өзінде қызылша қабылдауды биыл бір айға ерте бастағандарын айтады. Зауыт басшылығы өнімін өткізуге келген шаруаларды бөліп жармай барлығын қабылдауға күш саламыз деп отыр.

НҰРЖАН ҚАРҒАБАЕВ, «МЕРКІ ҚАНТ ЗАУЫТЫ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

Биыл кішкене ертерек зауыт ашылып жатыр. Мына қызылша көбейіп. Қуаттылығы тәулігіне 2 мың тонна, былтырғы көлем сол болды. Енді мына автоматтылық қосылып, кішкене көбейтейік деп жатырмыз.

Кәсіпорын дақылдың келісін 40 теңгеден қабылдап жатыр. Оның 25 теңгесі мемлекеттен, ал 15 теңгесі зауыт тарапынан төленеді. Зауыт өз межесіне жеткенде артылған қант қызылшасын жақын аймақтардағы зауыттарға жөнелтпек.

НҰРДАУЛЕТ ЛЕСБЕК, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Басым бөлігін Меркі қант зауытына, қалған бөлігін «Ақсу» қант зауытына тасымалдау жоспарланып отыр. Ақсу қант зауытына тасымалдау үшін жолына 45 теңге төленеді, Ақсу қант зауытынан келісіне 15 теңге төленеді. Қырғыз республикасына жөнелту қазір қарастырылып жатыр.

Өңірдегі қант зауыттың қуаттылығы 450 мың тонна болса, биыл аймақтан алынатын өнім 640 мың тоннадан асады деп отыр. Сондықтан артылған өнім Жетісуға жіберілмек. Бірақ, қазір аймақта балтамыр тасымалына төленетін белгіленген тариф құны 3 теңге. Шаруалар соны көтеруді ұсынады, себебі шығын ақталмайды дейді.