$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Қарағандыда жеке тұрғын үйде газ қоспасы атылып, 3 адам ауыр жарақат алды

13.09.2024ж. 20:00
197
Қарағандыда жеке тұрғын үйде газ қоспасы атылып, 3 адам ауыр жарақат алды

Қарағандыда жеке тұрғын үйде газ қоспасы атылып, 3 адам ауыр жарақат алды. Жапа шеккендердің екеуі газ мекемесінің қызметкері, біреуі газ қондырғысын орнатқан компания жұмысшысы. Екі адам жансақтау бөліміне түскен. Оқыс оқиға гаражда орналасқан қондырғыға газ толтыру кезінде болған. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қондырғы жақында ғана орнатылған. Газ қоспасының атылуына не себеп болғаны белгісіз. Мамандар жеке үйлерге газгольдерді арнайы рұқсаты бар компанияларға ғана қойғызуға кеңес береді. Жарылыстың себебін мамандар анықтап жатыр.