$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Түркістан облысында көпқабатты тұрғын үйден 50 адам эвакуацияланды

AstanaTV
13.09.2024ж. 20:36
227
Түркістан облысында көпқабатты тұрғын үйден 50 адам эвакуацияланды

Түркістан облысында көпқабатты тұрғын үйдің шатыры өртеніп, өрт сөндірушілер 50 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Төлеби ауданының Ленгер қаласында бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің шатыры өртенді.

"ТЖМ құтқарушылары баспалдақ маршымен 50 адамды, оның ішінде 20 баланы эвакуациялады, деп нақтылайды ведомство.

200 шаршы метр аумақты қамтыған өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда.