$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атырау облысы әкімінің орынбасары әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

AstanaTV
13.09.2024ж. 21:21
338
Атырау облысы әкімінің орынбасары әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Атырау облысы әкімінің орынбасары годзю-рю каратэ-додан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Атырау облыстық спорт және дәстүрлі каратэ-до федерациясының вице-президенті Айбат Рахман мәлімдеді. Оның айтуынша, Австрияның Фюрстенфельд қаласында өткен чемпионатта Қазақстан намысын Атырау облысының спортшылары қорғаған.

"Шобу-кумите" бағдарламасы бойынша Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 1 курс студенті 21 жасқа дейінгі және ересектер арасында 84 келі салмақ дәрежесінде екі дүркін әлем чемпионы атанды. Жеке кәсіпкер Жаңбыр есімді азамат 84 келіден жоғары салмақта ересектер арасында әлем чемпионы атағын алса, Атырау мұнай өңдеу зауытының электромонтері дәл осы санатта қола жүлдегер атанды”, – деді Айбат Рахман.

Ардагерлер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдесін Атырау облысы әкімінің орынбасары, облыстық спорт және дәстүрлі каратэ федерациясының құрметті президенті Марат Мұрзиев жеңіп алған. Бапкердің айтуынша, шенеунік бос уақытында каратэмен айналысады екен.

"Қазақстанның халық әртісі" атағын көздеп жүрген сияқты": Өскемен қаласының әкімі тұрғындарға ән шырқап берді (видео)

“Чемпионатқа дайындалу үшін арнайы еңбек демалысын алып, сонда барды. Айтпақшы, оның қарсыластары да өте мықты болды. Билік басындағылардың мұндай жетістікке жетуі сирек жағдай. Ал бұл әлем чемпионаты, нағыз жетістік", – дейді Рахман.

Айта кетейік, Марат Бисенғалиұлы Мурзиев 2023 жылдың сәуір айында Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған.