$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбенің Ақкемер ауылында 16 үйдің кілті берілді

AstanaTV
14.09.2024ж. 07:20
230
Ақтөбенің Ақкемер ауылында 16 үйдің кілті берілді

Ойыл ауданы Ақкемер ауылында 16 отбасы баспаналы болды. Құрылыс жұмыстарына қаржы «Қамқор Ақтөбе-2024» қайырымдылық қоры арқылы ERG компаниясынан бөлінді.

Ойыл ауданының Ақкемер ауылында тұрғындар қоныс тойын тойлады. Құрылысты бір мердігер компания жүргізді. Жұмыс маусымда басталып, осы апта аяқтады.

«Маусым айында келісімшартқа отырып, 16 үй құрылысы басталды. Жаңа жер таңдалды. Барлығы жоба бойынша атқарылды. Кейбір тұрғындардың өтініші де ескерілді. Екі бөлмені қосып, қонақ бөлме жасауды ұсынғандары да болды. Мұнда 35-40 адам тұрақты жұмыс істеді», - деді «Hause Master Aktobe» ЖШС-нің директоры Бақытжан Книсарин.

Саралжың ауылдың округіндегі Бестамақ, Ақкемер, Кемер ауылдары су тасқыны кезінде зардап шекті. Бестамақ елдімекенінде 2, Ақкемерде 18, Кемерде 4 үйге су кірді.

«Көктемде суды бөгеуге бар күшімізді салдық. Ауылдың ер азаматтарының бәрі жүрді. Бірақ әл бермеді. Содан бері 7 ай өтті. Тума-туысты жағалап жүрдік. Қазір жаңа үйге қоныстанып жатырмыз. Мемлекет басшысы, облыс әкімі мен аудан басшылығына алғыс айтамын. Үй құрылысы ұнады. Өзім екі бөлмені біріктіліп, үлкен қонақ бөлмесін жасатып алдым. Ескі үйім 1980 жылдары салынған. Тасқан салынғанымен, құлап қалды. Жаңа баспана салған кезде жерді таңдадық, үйімізді әу бастан бөліп берді. Өзім құрылысты қарап жүрдім», - деді Ақкемер ауылының тұрғыны Қуанбек Әбілғазин.