$480.63 €535.13 ₽5.27
×

Қызылордалық екі тұрғынға 1 млн теңге айыппұл салынды

AstanaTV
14.09.2024ж. 09:19
89
Қызылордалық екі тұрғынға 1 млн теңге айыппұл салынды

Қызылордада жылдамдықты асырған үшін қаланың екі тұрғынына 1 млн астам айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шілде айынан бастап Қызылорда қаласында "Қорғау" жол қозғалысын бақылау жүйесі іске қосылып, жұмыс жасап жатыр. Аталған жүйенің мүмкіндігімен 9 қыркүйек күні қала аумағында "Арқан" және "Сергек" стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары жылдамдық режимін 22 мәрте бұзып, 886 мың 80 теңге және 7 мәрте бұзып, 332 мың 80 теңге айыппұлдарды төлеуден жалтарып жүрген екі қала тұрғыны анықталды.

"Аталған құқықбұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігімен (Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi, белгiсi жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару) әкімшілік хаттама рәсімделіп, автокөлік айып алаңына қойылды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта салынған айыппұлдарды өндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.