$480.63 €535.13 ₽5.27
×

“Не айта аламын“: Танымал актер Мақпал Жүнісоваға араша түсті

AstanaTV
14.09.2024ж. 10:03
246
“Не айта аламын“: Танымал актер Мақпал Жүнісоваға араша түсті

Танымал актер Алмат Сақатов видеосымен қоғамды шулатқан Мақпал Жүнісованы қолдап, әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актер елдің ерке қызының тағдырын сөз етпеуді ескертті. 

"Мақпал Жүнісова туралы не айтасыз дейді. Не айта аламын?! Ол кісінің көтерген жүгін сен көтере алмайсың?! Ол кісінің көргенін сен көрген жоқсың. Қазақтың ерке қызы, еркелеп әңгіме айтқан шығар?! Біз сөгетіндей, оны талқылайтындай кімбіз?! Ертең дүниеден өтіп кетсе, мақтайсыңдар. Сондықтан да қандай адам болса да, өнерде үлкен орны бар. Қазақ деген кезде ішкен асын жерге қоятын мықты қазақтың қызы. Өте мықты адам", – деді актер.

Желі қолданушылары өнер иесіне түрлі пікір білдірді. 

"Мақпал өлең айтқаннан басқа, не істепті?!", "мас әйелді мақтама”, "әншілердің бәрі – ерке, Төреғали – Ұлы дала баласы, Мақпал – ерке қыз", "мас күйінде эфирге шығу – мықтылық па?", "ішкені – алдында, ішпегені – артында, оныкі – асқандық" деп жазды олар.