$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қарағандыда газ жабдығы жарылып, үш адам күйіп қалды

AstanaTV
14.09.2024ж. 11:42
266
Қарағандыда газ жабдығы жарылып, үш адам күйіп қалды

Қарағандыда газ тарсылынан екі адам реанимацияға, біреуі комбустология бөліміне түсіп қалды, деп хабарлайды KAZINFORM.

Төтенше жағдай 13 қыркүйек сағат 14.37-де Қарағандыдағы Пригородная көшесінде жер үйде болған. Газгольдерді толтыру кезінде кенеттен атылған.

Жер үйдің гаражында газ жабдықтарын толтыру кезінде газ-ауа қоспасының тарсылы болды. ТЖД мәліметінше, газ жабдықтары салыстырмалы түрде жақын орнатылған. 3 адам зардап шекті, — деді Қарағанды тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Темірлан Әбілқасымов.

Апаттар медицинасы орталығының шұғыл бригадасы оқиға орнында бір адамға жедел алғашқы медициналық көмек көрсетті, ол Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілген.

Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді.

Екі науқас реанимацияға жатқызылды, жағдайы ауыр. Үшінші пациент комбустиология бөлімінде, орташа ауыр жағдайда. Үш пациенттің де термиялық күйігі бар, реанимациядағы науқастардың жасы — 21 және 52-де, — деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.