$484.11 €528.79 ₽5.03
×

Қытай соңғы 50 жылда алғаш рет зейнет жасын көтерді

AstanaTV
14.09.2024ж. 14:34
234
Қытай соңғы 50 жылда алғаш рет зейнет жасын көтерді

Қытайда ерлер үшін зейнет жасы 60 жастан 63 жасқа дейін ұлғаяды. Кеңседе жұмыс істейтін әйелдер үшін – 55 жастан 58 жасқа дейін, жұмысшы мамандықтағы әйелдер үшін – 50 жастан 55 жасқа дейін өсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Xinhua басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қытайлық басылым мәліметінше, зейнеткерлік жастың ұлғаюы 2025 жылы басталып, 15 жыл ішінде жүзеге асады.

Қытайда зейнеткерлік жас 1978 жылдан бері алғаш рет көтерілді. Жаңа жүйенің қабылдануына халық санының азаюы (елдегі өлім деңгейі екінші жыл қатарынан туу көрсеткішінен асып түсуде) және жұмыс істейтін халыққа қатысты зейнеткерлер үлесінің артуы себеп болды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандықтар зейнет жасын төмендету туралы петиция жарияланған еді. 14 маусымда жарияланған зейнет жасын 55 жасқа дейін төмендету туралы петиция небәрі 6,7 мың қол жинап, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолданған