$480.63 €535.13 ₽5.27
×

“Қате жоба“. Көкшетауда жаңа төселген асфальтты қайта қопарады

AstanaTV
14.09.2024ж. 21:06
209
“Қате жоба“. Көкшетауда жаңа төселген асфальтты қайта қопарады

Көкшетауда жаңа төселген асфальт қайта қопарылатын болды. Қопа көлін жағалай жаңа төселген жол балабақша мен тұрғын үйлерге тым жақын, тақалып салынған. Себебі әу баста жоба дұрыс жасалмапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жаңа жағалау салынып жатқанда қатты қуанған едік. Алайда мына бұрылысты көргенде қапаланып қалдық. Біздің үйдің қабырғасынан бір метр жерден автожол мен қоса, жаяу жүргіншілер жолағы, веложол салынады. Қазіргі мынау автотұрақ та, балалардың еркін кіріп-шығатын кең ауласы да болмайын деп тұр", – дейді Игорь Овчаров.

Жағалаудан қалаға бұрылар тұстағы ескі жолдың орнына жаңа асфальт төселген. Бірақ ол тұрғын үйлерге тым жақын. Жобаны дұрыс жасамаған шенеуніктер енді төселіп бітуге таяу қалған көшені қайта талқандайды. Әуел бастан жоба дұрыс жоспарланбаған. Енді жолға жұмсалған бюджет қаржысын кім өтейтіні әзірге белгісіз.

"Тұрғындардан шағым түскен соң, жоба авторы "Көкшедор проект" пен BI Group компаниясымен мәселені ақылдасып, шешеміз деп ойлаймын", – дейді Көкшетау ТКШ бөлімінің басшысы Әділет Рақымжанов.