СҚО ТЖД бөлімшесіне Булаев қаласында жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққандығы туралы қоңырау келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер оттың шаруашылық құрылысына ауысып, нәтижесінде жалпы 180 ш.м. алаңда жеке тұрғын үйдің жанғанын анықтады.
ТЖМ күштерімен өрт сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.