$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Футзалдан әлем чемпионаты: Бразилия құрамасы Кубаны ірі есеппен жеңді

AstanaTV
15.09.2024ж. 11:18
124
Футзалдан әлем чемпионаты: Бразилия құрамасы Кубаны ірі есеппен жеңді

14 қыркүйекте футзалдан әлем чемпионатының алғашқы ойын күні өтті, деп жазады KAZINFORM.

В тобында сынға түсіп жатқан Бразилия бірінші кездесуінде Кубаны 10:0 есебімен тас-талқан етіп жеңді. 

Бразилиялық футзалшылар қазірге дейін 1989, 1992, 1996, 2008, 2012 жылдарда бес мәрте чемпион атанған еді. Енді жиырма жылдан кейін сол жетістігін тағы бір мәрте қайталауға тырысады.

Аталған топтағы тағы бір кездесуде Хорватия құрамасы Таиландқа 1:2 есебімен жол беріп қойды. 

Ал А тобында Парагвай құрамасы Коста-Риканы 5:2 есебімен тізе бүктірсе, Өзбекстан мен Нидерланд 3:3 есебіне қанағат білдірді.

Енді 15 қыркүйекте С тобында Ауғанстан - Ангола, Аргентина - Украина, D тобында Жаңа Зеландия - Ливия, Испания - Қазақстан ойындары болады.

Сондай-ақ, 16 қыркүйекте E тобында Португалия - Панама, Тәжікстан - Марокко, F тобында Иран - Венесуэла, Гватемала - Франция шеберлік байқасады.