$489.36 €533.45 ₽4.99
×

Көктемнің кеш келуіне байланысты дән себу науқаны 3 аптаға кешігіп басталды

AstanaTV
10.04.2017ж. 20:00
5622
Көктемнің кеш келуіне байланысты дән себу науқаны 3 аптаға кешігіп басталды

Биыл көктемнің кеш келуіне байланысты дихандар дән себу науқанын кешіктіріп бастады. Тұқым себу еліміздегі жылы аймақ Жамбыл облысында да 3 аптаға кеш қолға алынды. Наурызда басталуы тиіс науқан сәуірдің соңына дейін баратын түрі бар. Агрономдардың айтуынша, қазір топырақ температурасы тұқым себуге қолайлы. Осы сәтті пайдаланып қалмаса, шаруалар шаш етектен шығынға батпақ. Бұл ретте үлкен шаруаға үлгерім керек. Дала дихандарының дән себу жұмыстарымен Данияр Әлімқұл танысып қайтты.

Жамбыл ауданындағы «Қызыл дихан» шаруа қожалығында 2 жарым мың гектар алқаптың 1800 га суармалы жер.  Биыл диқандар күздік бидай мен жаздық арпа, жоңышқа мен жүгері, сондай ақ қант қызылшасын екпек. Алайда, 40-қа жуық қол күші бар қожалық үлгермей қалудан қорқады. Көктемнің кеш келгендігінен қысқа күн ішінде қалайда дән сеуіп бітіруге барын салуда.

Жақсымбек Жамансариев, «Қызыл дихан» ШҚ төрағасының орынбасары:

Бойы өспей қала ба деп қорқамыз. Сол өнімділікті төмендетеді. 5 пайызға дейін төмендетеді деп отырмыз. Бірақ, межелеген егінді егуіміз керек. Енді бұл өнімнің центнерін азайтады. Күн ысып кетсе піспей қала ма деп тұрмыз.

Аймақтағы агрономдар жұмысты апта ішінде аяқтап үлгеру керек. Немесе ылғал жоғалмай сәуірдің соңына дейін себуге болады» деп отыр. 

Ерболат Байделиев, агроном:

Жер қызбай егуге болмайды. 3-5 градус жылулық керек. Сол кезде барып, егуге болады. Ал, қазір біз тексердік, 5-7 градусқа жылулық бар. Бір пайдасы көктемнің кеш келуінің  жерде ылғал көп.

Данияр Әлімқұл, тілші:

Жалпы несібесін жерден жиятын жамбылдық дихандар биыл 608 мың 800 гектар жерге дән сеппек. Қазір осыншама ауқымды алқаптың 328 мың гектарына ғана дән түйірі түскен. Бұл бар болғаны 40%-ды құрайды. Ал, алпыс пайызына айналдырған 20 күн ішінде үлгермесе, шаруалар аста-төк өнім алуды армандамаса да болады.

Жамбыл облыстық ауыл шаруашылық басқармасының дерегінше былтыр дән себу жұмыстары 4-ші наурызда басталған. Биыл 25-інде қолға алып отыр. 9 мыңдай техника мен 15 жарым мың тонна жанармай бөлінген. Жергілікті бюджеттен қаралған 749 млн теңгеге 17 мың тоннадай минералды тыңайытқыштар тартылмақ.

Ерлан Құлкеев, Жамбыл облысы әкімдігі АШБ басшысының орынбасары:

Бұл уақыттарда егіннің 90 пайызына дейін егіліп қойылатын еді. Арпа мен бидайлар 80 пайызға егіліп дайын отыр. Майлы дақылдардың да көлемі биыл 87,7 мың гектар болатын болса, соның қазір 12 мың га жері егілді. Сәуірдің аяғына дейін, қант қызылшасын 9 мың гектарға жоспарлап отырмыз.

Өзге аймақтардағы ахуал да алаңдатарлвқ. Мәселен, ОҚО бойынша биыл 445 мың гектар алқапқа егін егу жоспарланған. Соның 89 мың гектарына ғана дән түсті.  Қызылорда облысында 160 мың гектар жерге жүргізілетін жұмыстар енді ғана қарқын ала бастапты.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ