Қазақстандық әнші Роза Рымбаева фотосессия жасап, жаңа образымен көпшілікті тамсандырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
66 жастағы өнер иесі бұл жолы кең костюм мен ерекше аксессуарларға таңдауы түскен. Сонымен қатар көйлектерінің түсі де бұрынғыларынан бөлек.
Халық әртісінің суретін желіде жариялаған фотограф оны «қазақстандық эстраданың басты бейнесі» деп жазба қалдырған.
Оқырман қауым да әншінің стиліне таңғалып, сұлулығын жоғары бағалаған.
«Өз жасыңызға өте жақсы көрінесіз», «Қайталанбас тұлға», «65 жаста мынадай кескін-келбетке ие болу деген керемет қой», «Қазақ эстрадасының аңызы», «Жастардың өзін шаң қаптырады», - деп жазған көпшілік.