$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Қасым-Жомарт Тоқаев Олаф Шольцті Ақордада қарсы алды

AstanaTV
16.09.2024ж. 14:30
259
Қасым-Жомарт Тоқаев Олаф Шольцті Ақордада қарсы алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц Ақордада қарсы алды.

Алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олаф Шольц бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Осыдан кейін мәртебелі мейманның сапарына орай Салтанатты рәсімдер залында сап түзеген құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұранын орындады. 

Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олаф Шольц кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді. Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді. Сонан соң мейман мен Президент құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді. Құрметті қарауыл бастығымен қоштасты. 

Қазіргі уақытта Мемлекет басшылары жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп жатыр. Мұнан бөлек, «Орталық Азия + Германия» форматындағы екінші кездесу де жоспарланған.