$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елордада инклюзия саласында сарапшылар дайындайтын орталық ашылды

16.09.2024ж. 20:00
207
Елордада инклюзия саласында сарапшылар дайындайтын орталық ашылды

Бүгін елордада мүгедектігі бар адамдарға арналған алғашқы оқу-әдістемелік ресурс орталығының тұсауы кесілді. Онда түрлі мекемелерде, қоғамдық көліктерде, туристік орындарда ерекше жандарға жасалған жағдайды қадағалайтын 100 сарапшы оқытылады. Қажет кезде дереу кәсіби көмек көрсететін мамандар келер жылдың сәуіріне дейін толық даярлықтан өтеді. 

ЖҮЗБАЙ СЕРІК, "КӨЗІМНІҢ ҚАРАСЫ ҚАЗАҚСТАН" ҚБ ТӨРАҒАСЫ:

Толыққанды азаматтар бара алатын жерге ерекше жандар кіре алмайды. Соған біз сараптамашыларды оқытып, білім беріп, қоғамға жеткізеді. Еңбекпен қамтимыз. Жәй ғана сараптамашы болмайды. Олар еңбекақы алатындай жағдай жасағымыз келіп отыр. Бұл бастама. Облыс бойынша барлық жерде орталықтар ашу жоспарланған.