$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атырауда 8-сынып оқушысы көз жұмды

16.09.2024ж. 20:00
210
Атырауда 8-сынып оқушысы көз жұмды

Атырауда оқу жылы басталмай жатып, бір оқушы өзіне-өзі қол жұмсады. Қаладағы орта мектептердің бірінде 8-сынып оқушысы кешкілік уақытта өз үйінде көз жұмған. Қыз бала сол күні сабаққа қатысқан. Ешбір оқыс мінезін байқамадық,- дейді ұстаздары. 

ӘЛИЯ ЕДІЛБАЕВА, №24 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Оқушының ешқандай осыған дейін өрескел қимылын, я болмаса ол туралы жаман пікіріміз болған жоқ. Мектептің жақсы оқитын оқушысы, ақкөңіл. Басқа да бір қылықтарын көрген жоқпыз. Мұның себебі не екені өзімізге де беймәлім болып отыр қазіргі таңда.

Қазір полиция Қылмыстық Кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен іс қозғады. Оқушы өліміне не себеп болғанын тергеу анықтайтын болады. 

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Атырау қаласындағы жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау дерегіне қатысты қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалды. Іске қатысты кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялануға жатпайды.