$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Дауыс беру учаскілерінің барлығы Брайль шрифтімен қамтылмайды

16.09.2024ж. 20:00
455
Дауыс беру учаскілерінің барлығы Брайль шрифтімен қамтылмайды

Елімізде 13 мың мүмкіндігі шектеулі адам бар. Жарымжан жандардың барлығы референдумда дауыс беруге құқылы. Зағиптар Брайль әдісімен өз таңдауын жасай алады. Бірақ барлық дауыс беру учаскесіне бұл құрылғы қойылмайды. Өйткені елде тек 2359 адам шрифті қолдана алады. Ол көзі нашар көретіндердің 8 проценті. Қазақстанда бір трафареттің бағасы - 20 теңге, ал Брайль шрифімен 1270 теңге. Учаскілер пандуспен, ғимаратқа кіре берістегі тактильді белгімен қамтамасыз етіледі. Саяси науқан күні инватакси қызметі ұйымдастырылады.

СӘБИЛА МҰСТАФИНА, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Шамамен шығындар сметасын жасаған кезде мына нәрсені ескердік. Егер елде 2 359 адам Брайль шрифтін қолданса, бізге 10 327 трафарет жасаудың қажеті жоқ. Тек мұқтаж орындарға ғана қойса болады. Мәселен, Жетісу облысында 463 дауыс беру учаскесі болса, онда Брайль қолдана алатындардың саны – 7.