$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодарда 11 жастағы оқушы 2 бірдей сыныптасын пышақтап тастады

16.09.2024ж. 20:00
232
Павлодарда 11 жастағы оқушы 2 бірдей сыныптасын пышақтап тастады

Павлодарда 11 жастағы оқушы 2 бірдей сыныптасын пышақтап тастады. Абырой болғанда, балалар дін аман. Екеуінің де сол жақ жамбас тұсына пышақ тиген. Тиісті ем шаралардан кейін оқушылар үйіне жіберілді. Дәрігерлер олардың өміріне төніп тұрған қауіп жоқ екенін айтады. Ал оқушының не үшін бұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз. 

СӘУЛЕ ШӘКЕНОВА, ОБЛЫС БОЙЫНША БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ:

Әзірге оқиғаның себебі белгісіз. Қылмыс мектепте емес, қаладағы дүкендердің бірінің жанында болған. Балалар бұны ешкімге айтпаған. Олар түстен кейін оқиды екен. Содан жарақат алған екі оқушы сабаққа бармай үйлеріне кеткен. Тек кешкісін балалар ауруханасына жүгінген. Бір балаланың жарақатын тігуге тура келді.

Ал сыныптастарына пышақ жарақатын салған оқушы уақытша оқудан шеттетілді. Оған үйден оқуға шешім шығарылды. Бұл іске байланысты полиция қылмыстық іс қозғап, тергеп жатыр.

АЗАМАТ НҰРАХМЕТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПБ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Камзин көшесі бойындағы үйлердің аулаларының бірінде денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша екі оқушы кәмелет жасқа толмаған басқа баладан жарақат алып, қылмыстық іс қозғады. Кәмелетке толмағанның заңды өкілі баланы тәрбиелемеу және құқықтарын қорғау қаматамасыз ету міндеттерін орындамағаны үшін әкімішілік жауапгершілікке тартылды.