$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Bloomberg: Ресей Сириядағы химиялық шабуыл туралы хабардар болғанын Ақ үй анық білмейді

AstanaTV
11.04.2017ж. 20:00
2705
Bloomberg: Ресей Сириядағы химиялық шабуыл туралы хабардар болғанын Ақ үй анық білмейді

Ресей  билігі Сириядағы Идлиб аймағына химиялық шабуыл жасалатыны жөнінде білген бе? Осы сұрақ төңірегінде Ақ үйдің пікірі қақ жарылған сыңайлы. Бұл туралы Блумберг агенттігі өз дереккөздеріне сүйеніп ақпарат таратты. Бұған дейін АҚШ ақпарат құралдары химиялық шабуылға дайындық туралы Мәскеудің білмеуі мүмкін емес деп жазған. Алайда, елдің ресми билігі бұл ақпаратты растаған жоқ. 

Еске салайық, 4 сәуірде бірнеше ондаған адамның өмірін жалмаған химиялық шабуылдан соң, Вашингтон мен оның одақтастары Сирия әскерін айыптады. Екі күннен кейін, АҚШ Сирия әуе базасына 59 зымыран тастады. Ақ үй қажет болса, Сирияға тағы соққы жасайтынын мәлімдеді.

Шон Спайсер, Ақ үйдің баспасөз хатшысы:


Егер сендер балаларға қарсы химиялық қару, бейбіт тұрғындарға қарсы жарылғыш бомба қолданатын болсаңдар, біз  де қарап қалмаймыз. АҚШ-тың Таяу Шығыстағы басты қарсыласы - ДАИШ, бірақ Асадтың басшылығымен тұрақты Сирияны елестете алмаймыз.